Accessibility links

Сеул Пхеньянмен келіссөз өткізбек


Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлік министрі Чо Мен Гюн. Сеул, шілде 2017 жыл.
Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлік министрі Чо Мен Гюн. Сеул, шілде 2017 жыл.

Қаңтардың 2-сі Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлік министрі Чо Мен Гюн Солтүстік Кореямен келіссөз келесі аптада шекара аймағындағы Пханмунджом елдімекенінде өткізу ұсынылды деп мәлімдеді. Бір күн бұрын Пхеньян Сеулмен келіссөз жүргізуді теріс көрмейтінін хабарлаған.

Чо Мен Гюнның айтуынша, Сеул кездесуді қаңтардың 9-ы Пханмунджом мекеніндегі Бейбітшілік үйінде өткізуді ұсынады. Жиында Солтүстік Кореяның бір айдан соң өтетін Қысқы олимпиадаға қатысу-қатыспауы мәселесі талқыланбақ.

Қаңтардың 1-де Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңа жылдық сөзінде Қысқы олимпиадаға спортшыларын қатыстыру үшін Оңтүстік Кореямен «келіссөзге ашық» екенін мәлімдеген.

2017 жылдың соңына таяу Корей түбегіндегі шиеленіс қайта ушыққан. Былтыр қарашаның соңында Солтүстік Корея алысқа ұшатын зымыранын сынап, «АҚШ-тың кез келген жеріне ядролық бомба тастай алатынын» мәлімдеген. Бұдан соң Вашингтон мен Сеул Корей түбегінде бірлескен ең ірі әуе жаттығуын өткізген.

XS
SM
MD
LG