Accessibility links

Болгария президенті коррупция туралы заңға вето қойды


Румен Радев, Болгария президенті.
Румен Радев, Болгария президенті.

Болгария президенті Румен Радев парламент мақұлдаған коррупцияға қарсы заңға вето қойды. Радев заң коррупциямен тиімді күрес жүргізерліктей қатаң емесін мәлімдеді.

Болгария 1 қаңтарда 28 мемлекет мүше Еуропа Одағына (ЕО) төрағалық ете бастаған. ЕО-ға мүше әр мемлекет кезегімен жарты жылдан одаққа төраға болады.

Балқан түбегінде орналасқан, жеті миллион халқы бар Болгария ЕО-ға 2007 жылы қосылғанымен, коррупция деңгейі әлі де жоғары кедей елдердің бірі болып қалып отыр. Еуропа елдері Болгарияны билік пен бизнестегі коррупцияны жоя алмады және сот жүйесіне реформа жасай алмай отыр деп бірнеше рет сынаған.

Румен Радев заң коррупционерлерге ашық қарсы шыққан қарапайым азаматтарды қорғай алмайтынын айтады. Президенттің пікірінше, бұл коррупцияны әшкерелеген адамдарды қорқытып, олардан өш алу мақсатындағы ұйымдасқан қылмысқа жол ашады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Болгария парламенті заң бойынша президент ветосын еңсеруге және заңды қайта қарап, оны өзгертпеуге құзыретті.

XS
SM
MD
LG