Accessibility links

Киев құқық қорғаушы өліміне әзірге ешкімге күдік келтірмеді


Киевтегі полиция көлігі (Көрнекі сурет).
Киевтегі полиция көлігі (Көрнекі сурет).

Украина полициясы құқық қорғаушы Ирина Ноздровскаяның өліміне қатысты әзірге ешкімге күдік келтірмеді. Киев облыстық Ұлттық гвардия басқармасының басшысы Дмитрий Ценовтың хабарлауынша, 2 қаңтарда ол тергеушілер зерттеп жатқан видео жазбаны алған.

2 қаңтарда Киев облысы Вышгород аудандық полиция бөліміне тергеу барысы туралы ақпарат күткен белсенділер мен журналистер жиналды. Мұның алдында Киевте 200-ге тарта адам облыстық полиция басқармасының алдында наразылық танып, Ирина Ноздровскаяның өліміне кінәліні табуды талап еткен. Наразылар сонымен қатар Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков пен облыстық полиция басшысы Дмитрий Ценовты отставкаға кетуге шақырған.

1 қаңтарда полиция Вышгород ауданында өзенде әйелдің жансыз денесі табылғанын хабарлаған. Кейін оның 30 желтоқсанда іздеу жарияланған құқық қорғаушы Ирина Ноздровская екені анықталған. Ноздровская 2015 жылы қыркүйекте Вышгород аудандық судьясының туысы көлігімен қағып өлтірген әпкесінің ісін әділ тергеумен айналысып жүрген. 2017 жылы мамырда қайғылы оқиғаға кінәлі адам жеті жылға сотталған. Айыпталушының қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым беріп, оны сот қабылдамай тастаған. Ноздровскаяның туыстары мен жақындары оған айыпталушы жағынан қоқан-лоқы жасалғанын, құқық қорғаушы ол жайында полицияға хабарлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG