Accessibility links

BBS: Қырғызстан - туризмге қолайлы бес елдің бірі


Қырғызстанда тауға шаңғымен серуендеуге бара жатқан шетелдік туристер (Көрнекі сурет).
Қырғызстанда тауға шаңғымен серуендеуге бара жатқан шетелдік туристер (Көрнекі сурет).

Британ жаяу туристер қоғамы (British Backpacker Society) Қырғызстанды шытырман оқиғалы туристік саяхат жасауға ең жақсы бес ел қатарына енгізді. Қырғызстан рейтингте бесінші орынға тұрақтаған.

Ұйымның Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, рейтингке барлығы 20 мемлекет, оның ішінде постсоветтік елдер де енген. Рейтингте Тәжікстан жетінші орында, Грузия тоғызыншы орында, ал Өзбекстан 19-орында тұр.

British Backpacker Society халықаралық ұйымы аса танымал емес елдерді зерттейтін туристік қауымдастық саналады.

XS
SM
MD
LG