Accessibility links

БҚО-дағы жол апатынан құрбан болғандар саны артты


Батыс Қазақстандағы қыс мезгіліндегі жол (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстандағы қыс мезгіліндегі жол (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысында (БҚО) күре жолдағы көлік апатынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі жол апатынан бірнеше жарақат алып, ауруханаға түскен әйелдің көз жұмғанын хабарлады.

2 қаңтар күні күндіз Бұдары ауылдық округіне қарасты Самал ауылының тұсында Орал – Атырау жолында екі жеңіл көлік соқтығысқан. «Оқиға орнына санитарлық авиация мамандары - реаниматолог, травматолог және гинеколог барды. Тікұшақ жіберуден гөрі көлікпен барған жылдамырақ болды. 1968 жылы және 1961 жылы туған екі әйел дәрігерлер жеткенше оқиға орнында қайтыс болды. Жараланған бес адам Ақжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 19633 жылы туған ер адам бірнеше жарақатпен ауруханаға түсіп, сол жерде жан тапсырды. 1964 жылы туған әйел де бірнеше жерінен жараланып, ауруханаға түсіп, комада жатқан. Оған операция жасалғанымен, жанын сақтау мүмкін болмады» деген БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова ҚазАқпарат агенттігіне.

Әбдірахманова сонымен қатар 23 жастағы аяғы ауыр әйелдің де жараланып аурузанаға түскенін айтты. Оның сөзінше, іштегі шарананы сақтап қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер зардап шеккен тағы екі адам – 1967 және 1991 жылы туған екі ер адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғаларының жиі болуын көп жағдайда жолдың жай-күйі мен сапасының нашарлығымен және жол ережесін сақтамаумен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG