Accessibility links

АМТ цехында жұмысшының өлі денесі табылды


Теміртаудағы "АрселорМитталТеміртау" металлургиялық комбинатының цехы (Көрнекі сурет)
Теміртаудағы "АрселорМитталТеміртау" металлургиялық комбинатының цехы (Көрнекі сурет)

«АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) металлургия комбинатының цехынан жұмысшының өлі денесі табылды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Бұл ақпаратты Теміртау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы растады.

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, домна цехының жұмысшысы 1982 жылы туған азамат 3 қаңтарда таңертең кәсіпорын аумағында өлі күйінде табылған.

Компания оқиғаның мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлайды.

22 желтоқсанда Қарағанды облысындағы «АрселорМитталТеміртаудың» Түсіп Күзембаев атындағы шахтасында 35 жастағы жұмысшы үстіне тау жынысы құлап зардап шеккен болатын.

XS
SM
MD
LG