Accessibility links

Украина соты Саакашвилиді босқын деп танудан бас тартты


Михаил Саакашвили Киев сотында сөйлеп тұр. Украина, 3 қаңтар 2018 жыл.

Киевтің аймақтық әкімшілік соты 3 қаңтарда Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвилиді босқын деп танудан бас тартты. Саакашвилидің адвокаттары сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Саакашвили миграциялық қызметті өзін босқын деп танудан бас тартқаны үшін сотқа берген.

Грузия азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвилиді Грузияға экстрадициялану қаупі төніп тұр. Грузияда оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Украина да биыл жазда Саакашвилиді осы ел азаматтығынан айырған. Бірақ ол биліктің бұл шешімін мойындамайды.

Киевтің апелляциялық соты 3 қаңтарда прокуратураның Саакашвилиді қамауға алу туралы шағымын қарауды 11 қаңтарға шегерді. Украина прокуратурасы Саакашвили жетекшілік ететін наразылық акцияларын Ресейдің Украинаға жасап отырған қастандығы деп біледі. Саакашвили бұл айыптауды жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG