Accessibility links

Латвия ресейлік тілшіні депортациялады


Латвия туы (Көрнекі сурет).
Латвия туы (Көрнекі сурет).

Латвия ресейлік ТВЦ телеарнасының тілшісі, 2 қаңтарда Ригада ұсталған Анатолий Курлаевты депортациялады. Латвия ішкі істер министрі Рихардс Козловкистің мәлімдеуінше, оған белгісіз мерзімге дейін елге кіруге тыйым салынған.

Министр Курлаевтың елге кіруге тыйым салынғандар тізіміне не себепті енгізілгенін айтпады. Бірақ ол өткен жылдың өзінде ғана түрлі себеппен, оның ішінде Латвияға «дұшпандық қарым-қатынас» жасағаны үшін 100-ге тарта адамның қара тізімге енгізілгенін айтты.

Курлаевтың сөзінше, полиция қызметкерлері өзінің елге кіруіне 2015 жылы-ақ тыйым салынғанын айтқан. Тілші мұны өзінің «НАТО қақпа сыртында тұр» деген фильмді түсіруге жұмыс істеуімен байланыстырады. ТВЦ сайтындағы фильм анонсында «Рига ормандарындағы НАТО-ның құпия базалары туралы кадрлар» көрсетілетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG