Accessibility links

БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады


Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ұшақтар мен әскери көлік.

Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасында 31 желтоқсан күні минометтен атқылаудан кем дегенде жеті әскери ұшақ зақымданып, істен шыққан. Он шақты әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы әскери және дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік «Коммерсантъ» газеті хабарлады. Жараланғандардың сириялық, я ресейлік әскерилер екені айтылмайды. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге бұл ақпаратқа комментарий бермеді.

Басылым ақпаратына қарағанда, атқылаудан төрт Су-24 бомбалаушы ұшағы, екі Су-35С истребителі мен бір Ан-72 әскери жүк ұшағы істен шыққан. Базаны радикалдық исламшылдар атқылады деген болжам бар. Хмеймим базасы Сирия үкімет әскерінің тылында орналасқан.

Ресейлік БАҚ пен ресми тұлғалар бұған дейін базаның 31 желтоқсан емес, 27 желтоқсан күні атқыланғанын хабарлаған. Ол кезде адам мен әскери техниканың зардап шеккені айтылмаған еді.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда 31 желтоқсанда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқышы қаза тапқанын мойындаған болатын. Ресми ақпаратқа қарағанда, тікұшақ техникалық ақаудан апатқа ұшыраған.

11 желтоқсанда Хмеймим әуе базасына Ресей президенті Владимир Путин барып, ол жерде Сириядан Ресей әскерінің негізгі бөлігі шығарылатынын жариялаған.

Желтоқсанның соңында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу елден Ресей әскерилерінің негізгі бөлігі шығарылатынын және Хмеймим мен Тартустағы әскери базаларда тұрақты әскер құрылатынын хабарлаған. Ресейдің Сирияда қанша әскери күші бары және қанша шығынға ұшырағаны туралы ресми мәлімет әзірге жоқ. БАҚ-тың мәліметінше, 2017 жылдың өзінде ғана Сирияда кем дегенде 40 ресейлік әскери қызметкер қаза тапқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG