Accessibility links

Новосибирск облысында фабрикадағы өрттен 10 адам қаза тапты


Новосибирск облысындағы өрт. Ресей, 4 қаңтар 2018 жыл.
Новосибирск облысындағы өрт. Ресей, 4 қаңтар 2018 жыл.

Новосибирск облысындағы Чрнореченский кентінде аяқ-киім фабрикасында болған өрттен өндірістік цех пен қойманың 10 жұмысшысы қаза тапты. Оқиға орнындағы жедел штаб дереккөзінің «Интерфакс» агенттігіне хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандардың барлығы – фабрикада жұмыс істеген Қытай азаматтары.

Өрт таңғы сағат 9-да фабриканың аумағы екі мың шаршы метр болатын ангар типтес ғимаратында шыққан. Өрттен аяқ-киім тігуге арналған материалдар мен дайын тауар жанып кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, өрт болған жерден күшті улы түтін көтеріліп жатыр. Бірақ құтқарушылар «синтетикалық материалдар жанған кезде шығатын қалың қара түтіннің тұрғындар денсаулығына қауіпті емесін» айтады.

«Роспотребнадзор» мекемесінің зертханасы ауада улы заттар шектік мөлшерден аспағанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG