Accessibility links

Министр: Түркіменстандағы қазақтар саны 1990 жылдан бері 6 есе азайды


Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркіменстандағы этникалық қазақтардың саны «табиғи себептерге», оның ішінде «тарихи отанына көшуіне» байланысты азайғанын мәлімдеді. «Қолда бар мәліметке қарағанда, қазір Түркіменстанда 20 мыңға тарта этникалық қазақ тұрады» деді Әбдірахманов Астанада парламент сенатында өткен кездесуде.

«Салыстырып айтар болсақ, 1990 жылы сол кездегі статистика бойынша олардың саны 120 мыңға жуық болған. Этникалық қазақтардың көпшілігі Түркіменстан азаматы саналады» деді министр.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда үш мыңға тарта түркімен бар. Олар негізінен Түркіменстанмен шекаралас Маңғыстау облысында тұрады.

Екі ел арасындағы келісімге сай, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары Түркіменстанның Балкан уәлаятында бес күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG