Accessibility links

Ұлттық бюро: ІІМ қызметкерлері "пара алу" күдігімен ұсталды


Полиция подполковнигі Григорьевтің "пара алды" деген күдікпен ұсталған сәтінен көрініс. Алматы, 3 қаңтар 2018 жыл. Сурет Anticorruption.gov.kz сайтынан алынды.
Полиция подполковнигі Григорьевтің "пара алды" деген күдікпен ұсталған сәтінен көрініс. Алматы, 3 қаңтар 2018 жыл. Сурет Anticorruption.gov.kz сайтынан алынды.

Алматыда ішкі істер министрлігінің екі қызметкері «пара алды» деген күдікпен ұсталды. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Григорьев пен ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан Нұрболатов 3 қаңтар күні ұсталған.

Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері параны «жеке тұлғаны қылмыстық жауапқа тартқызбау үшін» алмақ болған. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына жабылған. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG