Accessibility links

АҚШ Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмектесуді тоқтатты


Пәкістандағы АҚШ президенті Дональд Трамптың осы елге қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдірген акция. Лахор, 2 қаңтар 2018 жыл.
Пәкістандағы АҚШ президенті Дональд Трамптың осы елге қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдірген акция. Лахор, 2 қаңтар 2018 жыл.

АҚШ Исламабад ауғандық талибтер мен «Хаккани желісі» деп аталатын исламшыл жасақтарға қарсы «батыл шаралар» жасамайынша Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмек көрсетуді тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы 3 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт мәлімдеді. Нойерт нақты қандай көмек беру тоқтатылатынын әзірге айта алмайтынын білдірді.

АҚШ бұған дейін Пәкістанға әскери құрал-жабдық алуға арналған 255 миллион долларын бөлуді тоқтатып тастаған болатын. АҚШ пен Пәкістанның қарым-қатынасы президент Дональд Трамп таяуда Исламабадты қатты сынаған соң нашарлай бастаған. Трамп Пәкістанды АҚШ Ауғанстанда соғысып жатқан исламшыл содырларды паналатып отыр деп айыптаған.

«Соңғы 15 жылда олар бізден 33 миллиард доллар алыпты. Біз олардан өтірік пен жалған уәдеден басқа ешнәрсе алмаппыз» деп жазды Трамп Twitter-де.

Пәкістан билігі АҚШ-қа терроризммен күресінде әрқашан сенімді одақтас болғанын мәлімдеп, айыптауды терістеді.

XS
SM
MD
LG