Accessibility links

Путин украин тауарлары транзитін шектеуді ұзартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей президенті Владимир Путин украин тауарларын Ресей территориясы арқылы транзитпен Қазақстанға тасымалдауға салынған тыйымды жарты жылға ұзартты. Азаттықтың Қырым редакциясының хабарлауынша, 30 желтоқсанда шыққан президент жарлығы Ресейдің құқықтық ақпарат сайтында жарияланған. Тыйым мерзімі 2018 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылған.

Украина тауарларын Ресей территориясы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға тасымалдауға тыйым 2016 жылдың 1 қаңтарында салынған. Бұл шектеу шарасы бойынша, Украинадан шыққан тауарлар Қазақстанға «әуелі Беларусь территориясы арқылы, содан кейін ғана Ресей территориясымен» халықаралық автомобиль және теміржол транзиті арқылы Қазақстанға тасымалданады. Ол үшін жүк бөліктерінде мөр, оның ішінде ресейлік ГЛОНАСС навигациялық жүйесі негізінде жұмыс істейтін пломба орнатылған болуы тиіс.

Кремль украин тауарлары транзитіне шектеу Украина мен Ресей арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім тоқтатылған соң салынғанын айтады.

2016 жылы шілдеде Украина вице-премьері, экономикалық даму және сауда министрі Степан Кубив Қазақстанды Ресейден транзитке салынған шектеуді жоюын талап етуге шақырған болатын.

XS
SM
MD
LG