Accessibility links

Грузия соты Саакашвилиді сырттай 3 жылға соттады


Михаил Саакашвили, Грузияның бұынғы президенті.

Тбилиси соты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыптап, сырттай үш жылға соттады. Бұл үкім Украинада жүрген Саакашвилиді Грузияға экстрадициялауға негіз бола алады. Саакашвилидің жақтастары сот шешімінің саяси астары барын айтады.

Михаил Саакашвилиге қарсы іс екі жыл бойы қаралған. Үкім Тбилисидегі банктердің бірінің қызметкері Сандро Гиргвлианидің ісі бойынша шығарылды. Грузия полициясы Гиргвлианиді 2006 жылы қаңтарда – Тбилисидегі барлардың біріндегі жанжалдан соң ұрлап әкетіп, қала сыртындағы орманға апарып, аяусыз ұрып-соққан. Гиргвлиани ол жақтан қашып кете алғанымен, қараңғыда адасып, жыраға құлап қаза тапқан. Гиргвлианиді ұрлаған жоғары шенді төрт полиция қызметкері кейін бірнеше жылға сотталған. Бірақ марқұмның туыстары, серіктері мен оппозиция жетекшілері Гиргвлианиді ұрлаған полиция қызметкерлері өз еріктерімен емес, Грузия ішкі істер министрлігіндегі басшылардың тапсырмасымен әрекет етті деп біледі.

Тергеу дерегінше, Саакашвили ішкі істер министрлігінің басшылығы мен «күш құрылымдарындағы» өзінің жақын серіктерінің атына кір келтірмеу үшін Гиргвлианиді ұрлаған полиция шенеуніктеріне бар кінәні өз мойындарына алуды ұсынып, есесіне оларға тездетіп босатып жіберуге уәде берген. Үш жылдан соң Саакашвили 170-ке жуық бұрынғы полицей мен әскери қызметкерге рақымшылық жасау туралы жарлық шығарған. Рақымшылық жасалғандар арасында Сандро Гиргвлианиді ұрлағандар да болды. Кейін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты «президенттің ондаған сотталушыға рақымшылық жасаудағы басты мақсаты өзі уәде берген адамдарды түрмеден босату ниетін жасыру болған» деген тұжырым жасаған.

Саакашвилиге қарсы тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оған бизнесмен әрі депутат, сұхбаттарының бірінде Саакашвилидің әйелі Сандра Рулофсқа тіл тигізген Валерий Гелашвилиді соққы жығуды ұйымдастырды, бюджет қаржысын талан-таражға салды және наразылық танытушыларды күшпен таратты деген айып тағылған.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG