Accessibility links

Ердоған: Түркия Еуроодақ құрамына кіруді күтуден шаршады


Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта) мен Франция президенті Эммануэль Макрон. Париж, 5 қаңтар 2018 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта) мен Франция президенті Эммануэль Макрон. Париж, 5 қаңтар 2018 жыл.

Түркия президенті Режеп Ердоған елінің Еуропа Одағы құрамына қабылдау туралы өтінішіне Брюссельден қандай жауап болатынын күтуден "шаршағанын" айтты. Парижде Франция президеті Эммануэль Макронмен келіссөз өткізген Ердоған Анкараның "шексіз күте алмайтыны" туралы мәлімдеген. Ол Түркия Еуропаға қарай алғашқы қадамды 54 жыл бұрын жасағанын айтқан.

"Біз күтуден әбден шаршадық, Түркия халқы шаршады", - деген Ердоған.

Париждегі келіссөзде Макрон Ердоғанға Брюссель Еуропа Одағының Анкараға толық мүшеліктен гөрі "серіктестік" туралы ұсыныс жасауға бейіл болатыны туралы ойын білдірген. Макронның сөзінше,Түркияда 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін азаматтық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншу Анкараның өтінішінің орындалуын қиындатады.

Түркия мен Франция басшылары Елисей сарайында бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Өткен жылы Еуропаның кей елдері өз аумағындағы түрік қауымдастығы арасында Түркия саясаткерлерінің саяси үгіт-насихат шараларын өткізуіне рұқсат бермей қойғаннан кейін Анкара мен Брюссельдің қарым-қатынасы нашарлап кеткен еді.

XS
SM
MD
LG