Accessibility links

Маршалл қоры кремльшіл тролльдар кімді нысана еткенін айтты


АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер.
АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер.

Америкадағы өткен жылғы президент сайлауы кампаниясына "Ресейдің араласуы" ісін зерттеп жатқан АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер мен АҚШ әділет министрлігінің жұмысын қаралауды Twitter әлеуметтік желісіндегі кремльшіл 600 аккаунт өздерінің ең танымал тақырыбына айналдырған.

Кремльшіл аккаунттарға жүргізілген мониторинг қорытындысы Маршалл қоры америкалық бөлімшесінің жанынан құрылған "Демократияны қорғау одағы" (Alliance for Securing Democracy) тобы басқаратын Hamilton68 сайтында жарияланған.

Аталған топтың қызметкерлері күн сайын 20 мыңдай твитке талдау жасайды. Өткен айдың үш аптасының қорытындысы бойынша, әлгі көп твиттің 16 пайызы арнайы прокурор Мюллердің және "оның тексеруін қолдайды-мыс" делінетін жоғары лауазымды шенеуніктердің жұмысын сынауға арналған.

Alliance for Securing Democracy тобының назарына іліккен 600 аккаунттың арасында Sputnik и RT тәрізді ашық ресейшіл платформалар, Ресейдегі "тролль фабрикалары" қолданатын аккаунт-боттар және әлеуметтік желілерде жүйелі түрде кремльшіл бағыт ұстанатын өзге де аккаунттар бар.

Өткен жылы тамызда ашылған Hamilton68 сайты талдаушыларының айтуынша, желтоқсан айында әлгі аккаунттарда арнайы прокурор Мюллердің тексеруіне қатысты жарияланымдар рекордтық деңгейге көтерілген. Олардың мақсаты – Мюллердің атқарып жатқан жұмысына қоғам мен баспасөзде оңшыл бағыттағы топтардың, ал сайып келгенде, тіпті президент Дональд Трамптың наразылығын үдету дейді талдаушылар.

XS
SM
MD
LG