Accessibility links

Twitter әлем жетекшілерінің аккаунттарын бұғаттамайды


АҚШ президенті Дональд Трамптың өзінде Солтүстік Корея Ким Чен Ындағыдан да "үлкен" ядролық қару түймесі бар екені жайлы жазған твиті.
АҚШ президенті Дональд Трамптың өзінде Солтүстік Корея Ким Чен Ындағыдан да "үлкен" ядролық қару түймесі бар екені жайлы жазған твиті.

Әлем жетекшілерінің Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунттары, тіпті оларда мазмұны «даулы» нәрселер жарияланса да, бұғатталмайды. Бұл туралы Twitter компаниясы атынан тараған ресми хабарламада айтылған.

"Қандай да бір лидердің аккаунтын бұғаттау немесе олардың даулы твиттерін жою маңызды ақпаратты адамдардан жасыруға әкеп соғады. Жұртта әлгі твитпен танысу және талқылау мүмкіндігі болғаны дұрыс. Лидерлердің үнін бұлайша өшіру мүмкін болмас, бірақ олардың сөзі мен іс-әрекеті туралы қажетті талқылауға нұқсан келеді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге компания егер қорлау деп саналған жағдайда мемлекет басшылары мен өзге де жетекші саясаткерлердің әлеуметтік желіде жариялаған нақты твитін жою құқығы өзінде қалатынын айтқан.

Соңғы күндері кей қолданушылар Twitter компаниясы басшылығынан АҚШ президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желіде жариялаған твитінен Солтүстік Кореяға ядролық соққы беру туралы емеурін байқалатынын алға тартып, оның танымал аккаунтын бұғаттауды талап еткен. Twitter микроблог қызметін пайдалану ережесіне сәйкес, қолданушыларға зорлық-зомбылыққа шақыруға тыйым салынады. Алайда компания мәлімдемесінде Трамптың немесе әлем жетекшілерінен өзге ешкімнің аты-жөнін атамаған.

XS
SM
MD
LG