Accessibility links

АҚШ ресейлік екі ұшақты қақпайлағаны туралы видео жариялады


Литва әуе кеңістігінде ұшып жүрген америкалық F-15 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Литва әуе кеңістігінде ұшып жүрген америкалық F-15 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ әскери-әуе күштері өзінің екі F-15 ұшағы ресейлік екі Су-30 жойғыш ұшағын қалай қақпайлап, тосқауыл жасағаны туралы видео жариялады. Бұл оқиғалар Балтық теңізі үстінде өткен жылғы қарашаның 23-і мен желтоқсанның 13-і күндері болған.

АҚШ әскерилерінің ақпараты бойынша, F-15 ұшақтары Литваның Шяуляй әуе базасынан әуеге көтеріліп, халықаралық келісімдерде көрсетілген талаптарды орындамай, диспетчерге қажетті кодтар мен ұшу жоспарын айтпаған ресейлік ұшақтардың алдынан шыққан.

Хабарламада соңғы кездері Балтық теңізінің аспанында ұшақтарды қақпайлау оқиғалары "тұрақты" қайталанып отырғаны, бұл халықаралық ұшу ережесінде қарастырылған стандартты процедура екені айтылған.

Ресей қорғаныс министрлігі болған оқиғаны растап, ресейлік жойғыш ұшақтардың әскери жаттығулары "әуе кеңістігін пайдалану бойынша халықаралық ережеге сай" өткізілгені туралы мәлімдеген.

Видео АҚШ әскери-әуе күштері ұшақтарының Литвадағы 4 айлық миссиясының аяқталуына байланысты жарияланып отыр. Миссия барысында америкалық ұшақтар Балтық теңізіндегі жағдайды бақылау үшін Шяуляй әуе базасын пайдаланған.

XS
SM
MD
LG