Алматыдан 496 километр жерде магнитудасы 3,9-ды құрайтын жер сілкінісі тіркелді.
«ҚазАқпарат» агенттігінің Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедициясына» сілтеме жасап хабарлауы бойынша жер сілкінісі 7 қаңтар күні Астана уақытымен 02 сағат 54 минут 35 секундта болған.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 496 километр жерде Қазақстан территориясында екендігі хабарланған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.4. Тереңдігі - 10 километр болған.