Accessibility links

Трамп туралы кітаптың авторы оны "қабілетсіз адам" деп атады


"От пен ыза" кітабының алғашқы сатылымға түскен сәті. Нью-Йорк. 5 қаңтар, 2018 жыл.
"От пен ыза" кітабының алғашқы сатылымға түскен сәті. Нью-Йорк. 5 қаңтар, 2018 жыл.

Атышулы «От пен ыза: Трамп тұсындағы Ақ үй» кітабының авторы Майкл Волфф кітаптағы мәліметтің түптің түбінде Трамптың Ақ үйден кетуіне себепші болатындығын айтты.

Дональд Трамп президенттігінің алғашқы айлары және оның сайлау науқаны кезіндегі әрекеті туралы жазылған кітаптың авторы бұл туралы BBC арнасына берген сұхбатында атап өткен. Волффтың айтуынша, кітап жарыққа шыққаннан кейін адамдар Трампқа президент болуға бейімделмеген қабілетсіз адам ретінде қарай бастайтын болады. Ол Трамптың Ақ үйден кетуі туралы айтқанда импичментті немесе келесі президент сайлауын меңзегенін нақты айтпаған.

«От пен ыза: Трамп тұсындағы Ақ үй» кітабы жұма күннен бастап Америкада сатылып жатыр. Интернетте де кітаптың үзінділері жарияланған. Онда Трамптың президент болуды қаламағаны, оның кандидатурасы жарнама науқаны үшін қажет болғаны айтылады.

Президент Дональд Трамптың өзі болса, кітапты жалған деп, авторын жолы болмаған адам ретінде атаған. Волфф осы кітабында интервьюін пайдаланған президенттің бұрынғы кеңесшісі Стивен Бэннонды да Трамп қатты сынаған.

XS
SM
MD
LG