Accessibility links

Иран батысында жер сілкінісі тіркелді


Иранның рухани басшысы Әли Хаменеидің қараша айындағы зілзаладан кейін зардап шеккен адамдармен кездесіп тұрған сәті. Иран. Керманшах провинциясы.

6 қаңтарда Иран батысындағы Керманшах провинциясы аумағында қуаты 5.1 магнитудаға жететін жер сілкінісі тіркелді.

Жартылай ресми ISNA жаңалықтар агенттігі зілзала кіндігінің Теһераннан батыста 520 километрдегі күрдтер қоныстанған Сәрпол-е Захаб қаласы маңында болғандығын хабарлаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ.

Керманшах провинциясының губернаторы Хушанг Базванд мемлекеттің арнаға берген сұхбатында тексерістерден кейін де мұндай мәліметтің түспегенін айтқан.

2017 жылы қараша айында Керманшахта қуаты 7,3 магнитудаға жететін зілзала болып, салдарынан 600-ден астам қаза тауып, 9 мыңнан аса адам жараланған еді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG