Accessibility links

Трамп Ким Чен Ынмен телефон арқылы сөйлесуге дайын екенін айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен телефон арқылы сөйлескісі келетінін білдірді.

Президент Трамп бұл туралы Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея Пхеньян спортшыларының Оңтүстік Кореяда 9-25 ақпанда өтетін Қысқы олимпиадаға қатысу мүмкіндігін келіссөз арқылы талқылауға келіскен соң Кемп-Дэвидтегі резиденциясында 6 қаңтар күні айтты.

Осылайша АҚШ президенті өзінің бұрынғы райынан қайтып «Мен қашан да келіссөзге сенемін» деген. Трамп бұл туралы журналист сұрағына жауап бергенде айтты. Журналист Трамптан «Кішкентай зымыраншы» деп атап адаммен кездесуді қалай қарайтындығын сұраған еді.

- Әлбетте! Бұл мәселеде менде ешқандай проблема болған емес, - деген президент Трамп алдымен өзінің белгілі бір шарттары барын аңдатты.

Трамп келіссөздің олимпиада мәселесін талқылаумен шектелгісі келмейтіндігін білдірген. АҚШ президенті «сәті келгенде» ондай келіссөзге де қатысатындығын айтқан.

Пхеньян БҰҰ қарарларын қайшы баллистикалық зымырандары мен ядролық қаруын сынаған сайын АҚШ пен Солтүстік Корея бір-біріне қоқанлоққы үйіріп келеді.

XS
SM
MD
LG