Accessibility links

Иран мәжілісі наразылық акциясы жайлы жабық сессия өткізді


Тегеран университеті қалашығы ішіндегі наразылық акциясы. 30 желтоқсан 2017 жыл.
Тегеран университеті қалашығы ішіндегі наразылық акциясы. 30 желтоқсан 2017 жыл.

Иран парламенті 7 қаңтарда үкіметке қарсы наразылық акциялары туралы арнайы жиын өткізді. Жабық есік жағдайында өткен жиын мәжілістегі реформаторлық фракция ұсынысымен ұйымдастырылды.

Жартылай ресми ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сессияға ішкі істер министрі, ақпарат және барлау министрі және ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшыларының қатысуы күтілген.

Жиынның күн тәртібіне реформаторлық бағыттағы депутаттар наразылықты басу кезінде қамалғандарға құқықтық көмек көрсету жайын талқылауды да ұсынған

Бұл күндері Иранда кешкі уақытта бытыраңқы түрде болса да наразылық акциялары, ал күндіз билікті жақтаушылардың шеруі өтіп жатыр. Билікті жақтаушылар шеруі бүгін бесінші күн қатарынан жалғасып отыр. Жақтаушылар шеруі жайлы мемлекеттік БАҚ-тан мейлінше кеңейтілген ақпарат таратылып келеді. Мемлекеттік БАҚ қазір билікке қарсы наразылық акциясы туралы хабар таратуды доғарған. Ал қоғамдық тәртіпті қолға алған Ислам революциясы сақшылары корпусы билікке қарсы шерудің тоқтағанын хабарлаған. Дегенмен 6 қаңтарда Азаттық наразылық шерулерінің, арасында Тегеран да бар, кем дегенде тоғыз қалада жалғасқаны туралы мәлімет алған. Ал Азаттықтың парсы тілінде хабар тарататын Фарда радиосы наразылықтың 101 қалада жалғасқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG