Accessibility links

Стокгольм метросындағы жарылыстан 2 адам жараланды


Жарылыс болған метро станциясы маңын қоршап тұрған полицейлер. Стокгольм. 7 қаңтар 2018 жыл.
Жарылыс болған метро станциясы маңын қоршап тұрған полицейлер. Стокгольм. 7 қаңтар 2018 жыл.

Жексенбі күнде Стокгольмдегі ​"Варбю Гард" метро стнациясының кіреберісіндегі жарылыстан екі адам жараланды. Оның бірі қатты жарақат алған.

Полиция мәліметіне қарағанда, шамамен 60 жастағы адам жерден әлдебір затты көтерген кезде жарылып кетіп, салдарынан ол ауыр жарақаттанған.

Соңынан жараланған адам ауруханаға жеткізілген. Екінші жарақат алған 40 жас шамасындағы әйел адам да ауруханаға жеткізілгенімен, оның жағдайы туралы әзірге хабарланбады. "Варбю Гард" метросын қазір полицейлер қоршап алған. Тексеру жүріп жатыр. Метро станциясы жұмысын тоқтатқан.

Aftonbladet және Expressen таблоид басылымдары қол гранатасы жарылды дегенімен, полиция өкілі Свен-Эрик Олссон оны растаудан бас тартқан.

"Варбю Гард" метро станциясы Стокгольмнің оңтүстік шетіндегі Хаддинг муниципалитетінде орнласқан.

XS
SM
MD
LG