Accessibility links

Башар Асад әскері Синджар қаласын басып алды


Идлиб провинциясынан көшіп бара жатқан тұрғындар. Көрнекі сурет.

Сирия президенті Башар Асадтың әскері Идлиб провинциясындағы Синджар қаласына бақылау орнатты. Бұл туралы қаңтардың 7-сінде Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) пен Ұлттық қорғаныс күштерінің үкімет жанындағы әскериленген құрылымдары хабарлады.

Елдің солтүстік-батысындағы Синджарды алу арқылы Асад армиясы әскери әуежай мен көлік жолдарын да өз қолына алды. Соңғы айда үкімет әскері елдегі біраз аумаққа бақылау орнатты.

Идлиб – Асад режиміне қарсы топтың бақылауындағы соңғы провинция. Онда басшылықта отырғандардың көбі – идеологиясы «Әл-Қаида» ұстанымдарына ұқсас «Хайят Тахрир аш-Шам» жасағының отрядтары.

6-7 қаңтарда Шығыс Гута ауданында болған бомбалау салдарынан кем дегенде 18 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Құрбандардың арасында балалар да бар. Жаралағандар саны алпысқа жеткен. Құқық қорғаушылар Шығыс Гутаға жасалған әуе соққыларына Сирия мен Ресейдің қарулы күштерін кінәлайды.

AzattyqTV

Қытайда қамауда болған жігіт 3-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00
XS
SM
MD
LG