Accessibility links

Бүгін, 8 қаңтар Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап бере бастады.

Сотта сөз сөйлеген Бішімбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрап, "оның сенімін ақтай алмағанына ұялатынын" айтты.

"Барлық жетістіктерім мемлекет басшысының (Назарбаев-ред) арқасында. "Самұрықта", "Бәйтеректе", министрлікте, қайда жұмыс істесем де мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындауға тырыстым. Мен сияқты жас азаматқа сеніп, оған және елге қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін президентке шексіз алғыс айтамын. Президенттің алдында кінәлі екенімді білемін. Өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және басқалар маған кесірін тигізді. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Адамдарды өзіме жақындаттым. Олар сеніміме кіріп, мені пайдаланып кетті. Президенттен кешірім сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын" деді Бишімбаев.

Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Қазір ол Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. 2017 жылдың 10 қаңтарында ол топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі бойынша ұсталған. Тергеу барысында Бишімбаевтің қамау мерізімі бірнеше рет ұзартылған. Тергеу ісі 10 айға дейін жалғасты. Қылмыстық іс 250 томға жетті. 23 айыпталушының әрқайсында кемінде екі адвокаттан бар.

Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Бұрынғы министр мен жанындағы жиырма екі адамға "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған үйлердің құрылысын кезінде компаниялардан ірі көлемде пара алды деген айып тағылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Тұрақты жұмыс табудың михнаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG