Accessibility links

Хейли: АҚШ-тың Пхеньянмен келіссөз жүргізу шарттары өзгермейді


АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Пхеньянмен келіссөзде Ақ үйдің позициясы өзгермейтінін мәлімдеді.

"Солтүстік Корея қойған талаптарымызды орындаса ғана келіссөз жүргіземіз. Оған дейін шарттарымыздан бас тартпаймыз" деп мәлімдеді Хелли жексенбі күні АВС телеарнасына берген сұхбатында.

Хейлидің айтуынша, Ақ үйдің Пхеньянға қойып отырған бірінші талабы - ядролық сынақтарды тоқтату. Екіншісі, Солтүстік Корея өзінің ядролық қаруларын жою тиіс.

Бірнеше ай бұрын АҚШ президенті Трамп "Пхеньян ядролық қаруынан бас тартпайынша келіссөз жүргізу мүмкін емес" деп мәлімдеген. Трамп мемлекеттік хатшы Тиллерсонға "кішкентай ракеташымен" (Ким Чен Ын - ред) келіссөз жүргізуге уақыт жоғалтпау керек" деп кеңес берген.

Қазір Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея жаңа келіссөздер кезеңін бастады. Бұл жолғы келіссөзде Солтүстік Кореяның ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиадаға қатысуы сөз болады.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қаңтардың басында телеарна арқылы ел спортшыларының олимпиадаға қатысатынын жариялаған.

XS
SM
MD
LG