Accessibility links

Қырғыз вице-премьерінің қазасына қатысты іс сотқа жетті


Қырғызстанның вице-премьері Темир Жумакадыровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі. Бішкек, 9 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның вице-премьері Темир Жумакадыровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі. Бішкек, 9 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанның вице-премьері болған Темир Жумакадыров ұшыраған жол апаты туралы іс сотқа жетті. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Істі Шу облысы Мәскеу аудандық соты қарамақ.

Былтыр Бішкек-Чалдовар жолында Джумакадыров, оның көмекшісі Нұрлан Джамгырчиев пен жүргізуші Нұрбек Муканов отырған «Тойота Лэндкрузер» көлігі КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет кеп соқтығысқан. Жеңіл көлікте болғандардың бәрі қаза тапқан. Вице-премьер сайлау учаскелерінің дайындығын тексеру үшін Талас ауданына бара жатқан еді.

Жол-көлік апатына байланысты "бір және бірнеше кісінің өліміне соқтырған жол ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.

Кейін патрульдік милицияның бас басқармасы апатқа көлікті басқара алмай қалған КамАЗ-дың жүргізушісі кінәлі деп мәлімдеген. Қылмыстық іс бойынша, жүк көлігініің 25 жастағы жүргізушісі, Панфилов ауданының тұрғыны екі айға абақтыға қамалған.

XS
SM
MD
LG