Бүгін Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасындағы Пханмунджом бекетінде екі ел делегацияларының кездесуі басталды. Бұл - Сеул мен Пхентянның Корея түбегіндегі жағдайды реттеуге жасаған кезекті талпынысы.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесуге екі ел делегациясында бес-бес адамнан келген. Сеул делегациясын Кореяның бірігу министрі Чо Мён Гён, ал Пхеньян делегациясын Солтүстік Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон басқарады.
Келіссөзде екі Кореяның бірігу мәселесі және Солтүстік Корея спортшыларының биыл Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға қатысуы талқыланады.
Пхеньян мен Сеул соңғы рет 2015 жылы желтоқсанда келіссөз жүргізген. Бұл кездесуден жақсы нәтиже шықпаған.