Accessibility links

Серб әскери отрядының бұрынғы мүшесі тұтқындалды


Босния мұсылмандарының зираты.
Босния мұсылмандарының зираты.

Балқан соғысы кезінде босниялық мұсылмандарға қарсы әскери қылмыс жасады деп айыпталған Милорад Обрадович Германияда тұтқындалды. Бұл туралы Германия прокуратурасы хабарлады.

Серб әскери отрядының бұрынғы мүшесі Обрадович 8 қаңтарда Мюнхен шетінде ұсталған. Оған Босния және Герцеговина прокуратурасы халықаралық іздеу жариялаған. Германия Обрадовичті экстрадициялау жұмыстарын бастады.

51 жастағы Милорад Обрадович 1992 жылы 120 босниялық мұсылманды тұтқындауға, кейін оларды өлтіруге көмектесті деп айыпталған.

2017 жылдың соңында Черногорияда босниялық мұсылмандарды өлтірді деген айыппен Слободан Кнежевич тұтқындалған. Оған да Босния және Герцеговина прокуратурасы халықаралық іздеу жариялаған.

1992-1995 жылғы Босния соғысында жүз мыңға жуық адам қаза тапқан. Екі миллионнан астам адам елін тастап кеткен.

XS
SM
MD
LG