Accessibility links

Australian Open жарысына төрт қазақстандық теннисші қатысады


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

15 қаңтарда басталатын теннистен Австралия ашық чемпионатына (Australian Open) Қазақстаннан төрт теннисші қатысады. Жарысты ұйымдастырушылар ресми сайтта қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Әйелдер арасында әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева мен 60-орындағы Зарина Дияс жарысқа іріктеусіз қатысады. Ал ерлер арасында Михаил Кукушкин (68) жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Александр Бублик (115) негізгі кезеңге өту үшін турнирдің іріктеу кезеңінен өтуі тиіс.

Путинцева, Кукушкин және Бублик - Қазақстанға Ресейден келген теннисшілер.

Australian Open - енетін әлемдегі жүлде қоры ең көп Grand Slam жарыстар санатына енетін теннис турнирі. Бұл жарыста былтыр жеңіске жеткен америкалық Серена Уильямс денсаулық жағдайына байланысты биыл қатыспайды. Ал ерлер арасындағы жеңімпаз Роджер Федерер биыл өз атағын қорғауы тиіс.

Жарыс қаңтардың соңында аяқталады.

XS
SM
MD
LG