Accessibility links

Жол ережесі айыппұлын азайтатын заң күшіне енді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін, 9 қаңтар Қазақстанда өзгертілген "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс" күшіне енеді.

Өзгертілген заңда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі азайтылған. Ескі заң бойынша, жылдамдықты сағатына 10 километрден 20 километрге дейін асырғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (22 700 теңге) көлемінде айыппұл салынатын болса, жаңа заңда айыппұл мөлшерін бес АЕК-ке (11 350 теңге) дейін азайту қарастырылған. Сонымен қатар, «жол қиылысы мен торабынан өту ережесін бұзғаны» үшін салынатын айыппұлды 10 АЕК-тен (бір АЕК - 2269 теңге) үш АЕК-ке дейін азайту да қарастырылған. Бұған дейін жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айырылатын. Жаңа заңда бұл мерзім алты айға дейін азайтылған.

Қазақстан бас прокуратурасы биылғы жылдың басында айыппұлды көбейту жолда заң бұзушылықты азайтпайтынын айтып, айыппұл көлемін азайтуды ұсынған. Бұдан өзге, прокуратура елде тұрғындардың табысы азайғанын, ал кейбір айыппұл көлемі соңғы 15 жылда бірнеше есеге көбейтілгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG