Accessibility links

Солтүстік Корея олимпиадаға қатысады


Оңтүстік Кореяның бірігу министрі Чо Мён Гён (сол жақта) мен Солтүстік Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон қол алысып тұр. 9 қаңтар 2018 жыл.
Оңтүстік Кореяның бірігу министрі Чо Мён Гён (сол жақта) мен Солтүстік Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон қол алысып тұр. 9 қаңтар 2018 жыл.

Солтүстік Корея биыл ақпанда Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады. Пхеньян қысқы ойындарға спортшылармен қатар, жанкүйерлер және арнайы делегация жібереді. Бұл туралы Bloomberg және Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Бүгін, 9 қаңтарда Пханмунджом шекара бекетінде Сеул мен Пхеньян арасында келіссөз басталған. Келіссөздің алғашқы күнінен кейін Солтүстік Корея тарабы олимпиадаға қатысатындарын мәлімдеді. Ал Оңтүстік Корея келіссөз кезінде олимпиаданың ашылу салтанатында бір команда ретінде шығуды, Корей соғысы кезінде ажырап қалған туысқандарды қайта қосуды ұсынған.

Оңтүстік Кореядағы олимпиада ойындары 9-25 ақпанда өтеді. Қазір Солтүстік Кореядан мәнерлеп сырғанаудан бір жұп жолдама алған. Қысқы ойындарға спортшыларды тіркеу аяқталып қойған. Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті Солтүстік Корея спортшыларын тіркеуге дайын екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG