Ақтөбе қаласы әкімдігі аумағында мерт болған адам 35 жастағы "Күзет" қызметкері Байбек Қарымсақов екені анықталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте облыстық арнайы күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Руслан Маханов хабарлады.
Алдын-ала тексеру бойынша Қарымсақов өз-өзіне қол салған.
8 қаңтарда Ақтөбенің Ахтанов көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратынан "оқ тиіп, мерт болған" азаматтың мәйіті табылған.