Accessibility links

Қысқы олимпиадада Қазақстан туын ұстайтын спортшы анықталды


Абзал Әжғалиев (ортада) Солт-Лейк-Ситидегі жарыста алтын алған сәті (Сурет Халықаралық коньки спорты федерациясынан (ISU) алынды).
Абзал Әжғалиев (ортада) Солт-Лейк-Ситидегі жарыста алтын алған сәті (Сурет Халықаралық коньки спорты федерациясынан (ISU) алынды).

9-25 ақпанда Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев хабарлады.

25 жастағы Абзал Әжғалиев - 2014 жылы Сочи олимпиадасына қатысқан. 2017 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрге алтын алған.

Оқи отырыңыз: Абзал мен Нұрберген – шорт-трек үздіктері

Былтыр Алматыда өткен қысқы универсиаданың күміс жүлдегері. Пхенчхандағы ойындарда 500 және 1000 метрлік қашықтықта медальға таласады.

XS
SM
MD
LG