Accessibility links

Шымкентте жүк көлігі жеңіл машиналармен соқтығысты


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.
Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

Бүгін, 9 қаңтарда Шымкенттегі Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы бағдаршам маңында жүк көлігі сегіз жеңіл автокөлікті соғып кетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оқиға сағат 11:00-шамасында болды. Куәгерлердің айтуынша, Howo (Хово) жүк көлігі бағдаршамда тұрған көліктерді соғып, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Бір жүргізуші жарақат алып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты екенін айтады.

Алдын ала болжам бойынша жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Қазіргі уақытта полицейлер тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG