Астана қалалық соты белсенді Махамбет Әбжанның аппеляциялық шағымын толық қанағаттандырмады.
9 қаңтарда өткен сотта Әбжанның қорғаушысы оның кінәсін айғақтайтын дәлелдің жоқтығын айтты. Ал азаматтық белсенінің анасы үлкен көлемде қарыз алғанын айтып, шағымданушы Азамат Жетпібаевқа келген залалдың толық өтелгені туралы құжатты көрсетті.
Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты азаматтық белсенді Махамбет Әбжанды үш жарым жылға бас еркіндігінен айырып, мүлкін тәркілеу және жәбірленуші Азамат Жетпібаевтің пайдасына 2,5 миллион теңге өндіріп беру туралы үкім шығарды.
Махамбет Әбжан өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.