Accessibility links

Астана тұрғыны бір адамдық пикет ұйымдастырды


Әсел Қалидің бір адамдық пикетке шыққан кезі. Астана, 9 қаңтар 2018 жыл.
Әсел Қалидің бір адамдық пикетке шыққан кезі. Астана, 9 қаңтар 2018 жыл.

Бүгін, 9 қаңтарда Астана тұрғыны Әсел Қали Бас прокуратура алдына келіп бір адамдық пикет ұйымдастырды. Ол "жеті айдан бері түрмеде отырған туысым заңсыз сотталды" дейді.

Әсел Қалидің ағасы Нұртуған Музамелов 2014 жылдың көктемінде Астана іргесіндегі Талапкер ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарады. Қазір 34 жастағы Музамелов жерді жалға беру туралы құжатқа заңсыз қол қойды деп уақытша қамау изоляторында отыр.

Әсел Қалидің айтуынша, құжаттағы қол Музамеловтікі емес. Оны сот сараптамасы да анықтаған. Бұл іс бойынша алты адам қамауға алынған. Тергеу әлі жүріп жатыр. Айыпталушының туыстары құзырлы органдарға барғанын олардан көмек болмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG