Accessibility links

Ондаған ресейлік бизнесмен Мальта азаматтығын алған


Мальта астанасы Валетта қаласындағы отшашу.
Мальта астанасы Валетта қаласындағы отшашу.

Ресейлік ондаған бизнесмен соңғы үш жылда Мальта азаматтығын алған. Олар Мальта экономикасына инвестиция құюға келісім берген. Азаматтық алғандар қатарында "Яндекс" компаниясын құрған Аркадий Волож, ресейлік бизнесмен Игорь Худокормов, "Альфа-Банк" директоры Алексей Марей бар. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасап, Азаттықтың орыс қызметі хабарлады.

Ал Мальта үкіметінің сайтында соңғы уақытта 730 ресейлік азамат арал мемлекеттің азаматтығын алғаны жазылған.

Мальта билігі 2013 жылы "Инвестиция құйғанға Мальта азаматтығы" бағдарламасын қабылдаған. Бағдарламаға сай ел экономикасына 650 мың еуро инвестиция салғандарға Мальта азаматтығы беріледі.

XS
SM
MD
LG