Accessibility links

Желіде үзінді бөліскен Ералтай Абай "терроризм" айыбымен сотталды


Ералтай Абайдың "Әбу Жихад" атымен ашты делінген "ВКонтакте" желісіндегі аккаунт. Скрин-шот.

"Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады" деп қамалған Ералтай Абай Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешімімен 7 жылға сотталды. Сот шешімі 9 қаңтар кешкісін шықты.

Моңғолияда дүниеге келген, қазір Қарасай ауданында тұратын 36 жастағы Ералтай Абай жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Ол "діни араздық тудыру", "терроризмді насихаттау" баптары бойынша сотталды. Прокурор Абайға 9 жыл сұраған.

Абайдың туыстарының айтуынша, сот үкімі оқылған күні оның жетінші баласы дүниеге келген. Соттағы соңғы сөзінде Абай "террорист емес екенін, терроризмді насихаттамағанын" айтты.

Ералтай Абайдың адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтуынша, "сот шешімі -заңсыз, бұл шешім балаларының болашағына зиянын тигізеді".

"Жеті баласы енді болашақта әкесі терроризм бабы бойынша сотталғандықтан жұмысқа тұра алмайды" дейді адвокат.

Ералтай Абай 2017 жылдың күзінде қамауға алынған. Сараптама оның әлеуметтік желіде жариялаған постынан «терроризмді насихаттау белгісін» тапқан.

AzattyqTV

Еревандағы наразылық шарасының жалғасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00
XS
SM
MD
LG