Accessibility links

Қазақстан Қырғызстанның кондитеріне салынған шектеуді тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан билігі Қырғызстан кондитерлік өнімдерін әкелуге және сатуға салынған шектеуді алды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті хабарлады.

Комитеттің мәлімдеуінше, Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі "санитарлық эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырып, бақылауды күшейткеннен кейін шектеу алынған.

2017 жылы қарашада Қазақстан "техникалық регламент талабына сәйкес келмейтіндікте" Қырғызстанның "Ақ сүт" компаниясының, "Куликовский" кондитерлік кәсіпорнының және ірімшік өндіретін "Эмиле" компаниясының кей өнімдеріне тыйым енгізген.

XS
SM
MD
LG