Бүгін, 10 қаңтарда Қарағандыдағы сотта прокурор Нұрбек Кузбаков "СССР оккульттік ұйымының" ықтимал екі мүшесі Михаил Ткачев пен Уәли Әлиасқаровты бес жылға соттауды сұрады.
Ал айыпталушылардың адвокаты Игорь Кирьянов оларды ақтауды сұрады. Бүгін түстен кейін Ткачев пен Әлиасқаров соттағы соңғы сөздерін айтады.
Ткачев пен Әлиасқаров "Киелі Русь жаратушыларының одағы" ["Союз Сотворцов Святой Руси" - СССР] оккульттік ұйымы идеяларын таратты, осы ағымның кітаптарын оқып, жұртпен талқылау арқылы "алауыздық қоздырды" деп айыпталған. Сот 2017 жылы қарашада басталған.