Accessibility links

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ


Теміртау қаласындағы қара түсті қар. 7 қаңтар 2018 жыл.
Теміртау қаласындағы қара түсті қар. 7 қаңтар 2018 жыл.

Теміртау тұрғындары "қара түске айналған қар" мәселесіне қатысты қол жинап жатыр. Олар бұл петицияны Қазақстан президентінің кіші қызы Әлия Назарбаеваға жолдамақ. Петицияға қазір 2500-нан астам адам қол қойған. Қол қою Теміртаудағы екі ірі дүкенде 10 қаңтар кешке дейін жалғасады.

Әлия Назарбаева 2017 жылы қарашадан бері Экологиялық ұйымдар ассоциациясының президиумын басқарады.

8 қаңтарда Теміртау әкімдігі Қарағанды облысы экология департаментіне қаладағы қар түсінің қара болып кеткеніне байланысты ресми сауал жолдаған.

Соңғы бірнеше күнде Теміртау тұрғындары қалаға түскен қардың түсі қара болып кеткеніне наразылық білдірген.Тұрғындар қара түсті қардың суретін әлеуметтік желіге жариялаған.

XS
SM
MD
LG