Accessibility links

"Махаббат" тұрғындарын полиция ұстады


"Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары сотта отыр. Астана, 10 қаңтар 2018 жыл.

10 қаңтарда үкімет ғимаратына барған "Махаббат" тұрғын үй кешенінің наразы 21 тұрғынын полиция ұстап әкетті. Ұсталғандардың барлығы - əйел адамдар.

Кешенде тұратындардың бірі Гүлнұр Алимолдаеваның сөзінше, сәрсенбі таңертең "махабаттық" 31 адам Жоғарғы сотқа барып, кездесуге түсте кірген.

Баспана дауына байланысты биліктен жауап ала алмаған тұрғындар Үкіметтен көмек сұрамақ болған. Алайда кездесуге ешкім шықпаған. Наразыларды сол жерде полиция күшпен көлікке тиеген.

"Махаббат" тұрғындары наразылық акциясына шығып тұр. Астана, 16 шілде 2015 жыл.
"Махаббат" тұрғындары наразылық акциясына шығып тұр. Астана, 16 шілде 2015 жыл.

Кешкі сағат 18:00 шамасында Үкімет үйі алдында арнайы жасақ ұстап алып кеткен 21 əйел алдымен Астана қаласы, Есіл аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Алимолдаеваның айтуынша, оларға қоғамдық тəртіпті бұзғаны үшін айыппұл салмақ. Наразы тұрғындардың ісі Алматы аудандық сотында қаралмақ.

"Махаббат" тұрғын үйінің дауы қалай басталды?

"Махаббат" тұрғын үй кешеніндегі 48 отбасы мен сол пəтерлердің қазіргі иесі саналатын "Қазагрохолдинг" компаниясы арасындағы даудың басталғанына бірнеше жыл болды.

Компания өкілдері ондаған азамат үйде заңсыз тұрып жатқанын айтып сотқа жүгінген.

Ал тұрғындар бұл үйден пəтерді алдымен жалға, одан кейін сатып алатын болып кешеннің бұрынғы иесі "Қазэкспортастық" компаниясымен келіскендерін, пәтерді өз қаржыларына жөндегендерін айтады.

Астанада "Махаббат" тұрғындары жолды жаппақ болды

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG