Accessibility links

Ресей сайлау комиссиясы "СССР президентін" тіркемеді


Тристан Присягин
Тристан Присягин

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы өз-өзін ұсынған бес кандидатты тіркемеді. Олардың қатарында "СССР президенті", Совет одағын қалпына келтіруге уәде беріп жүрген Тристан Присягин бар.

Сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилованың хабарлауынша, 46 кандидат өз-өзін ұсынған. Олардың ішінде тек қазіргі президент Владимир Путин мен Костром облысы думасының депутаты Владимир Михайлов қол жинауға жіберілген. Барлығы тоғыз кандидатқа қол жинауға рұқсат берілді. Владимир Жириновский мен Павел Грудин бұл міндеттен босатылды.

Ресейде кандидат тіркеу 12 қаңтарда аяқталады. Ал сайлау 18 наурызда өтеді.

XS
SM
MD
LG