Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бірнеше облыста күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.
Комитет дерегінше, боранға байланысты Астана, Ақмола облысындағы барлық жолдар жабық. Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысында бөлігі, Астана-Шідерті жолының Павлодар облысындағы бөлігі де жабылған.
Комитет тұрғындарға боран мен аязға байланысты ұзақ жолға шықпай, сапарларын кейінге қалдыруға кеңес береді.