Accessibility links

Өзбекстанда депутаттарға шапан киіп жүруді ұсынды


Өзбек шапаны (Көрнекі сурет).
Өзбек шапаны (Көрнекі сурет).

Өзбекстан ұлттық университетінің доценті, инновациялық орталықтардың директоры Мирякуб Хайдаров депутаттарға арналған дресс-код ұсынды.

Хайдаров ұсынысын мақала ретінде 8 қаңтарда өзбекстандық газеттердің бірінде жариялаған. Оның айтуынша, депутаттар жұмысқа жазда жібек шапан, қыста барқыт шекпен киіп келуі керек. Хайдаров бұл ұсынысын тек газетке жариялағанын әзірге Мажлис (парламент) пен президентке жолдамағанын айтты.

Осыған дейін Қырғызстан депутаттары ел президенті мен парламент төрағасына ресми кездесуде ақ қалпақ киюді міндеттейтін заң жобасын ұсынған.

XS
SM
MD
LG