Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбековке іздеу жарияланды.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтында 1986 жылы туған Асылжан Жамалбековке Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті іздеу салғаны жарияланған. Онда Жамалбековтің тергеуден жасырынып жүргені жазылған.
Азаттық экс-шенеунікке қандай айып тағылғанын анықтау үшін Ұлттық бюроның Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне ресми хат жолдады.