Accessibility links

Шымкентте мұғалім шағымы бойынша сот басталды


Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38-мектеп мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.

Бүгін, 11 қаңтарда Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты 38-мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның шағымын қарай бастады.

Мұғалім Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Шымкент қалалық әкімдігі, облыстық және қалалық білім басқармасы мен 38-мектеп директорының үстінен шағым түсірген. Бүгін судья Света Нұрбекова бұл азаматтық іс бойынша дайындық отырысын өткізді.

Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Жаңабек Әбішевтің айтуынша, сот мұғалімнің арызын тоғыз ай дегенде қабылдаған. Іс төрт рет кері қайтарылған.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мен директор дауы

Мұғалім Сәлімбаева "құқығымды бұзды, заңсыз жұмысқа шекті" деп шағымданған.

Бұған дейін Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарлары Дана Асылбекова және Айжамал Қозыбекова арыз түсірген. Бұл арызды Еңбекші аудандық соты мен Абай аудандық соты қарауға жатпайтынын айтып, кері қайтарған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG